Үй жануарларына дұрыс күтім жасау
Үй жануарларының денсаулығы дұрыс және дәйекті күтімге тікелей байланысты. Әрбір жануар иесі олардың терісі мен жүніне назар аудара отырып, үй жануарының жалпы денсаулығын бақылауы керек. Сондай-ақ витамин беру, вакцинация, бүргеден және басқа паразиттердің алдын алу өте маңызды. Төрт аяқты достарымыздың денсаулығы мен көңіл-күйі иесінің қамқорлығына және сүйіспеншілігіне байланысты екенін ұмытпау қажет.
Үй жануарларын күтіп-бағудың негізгі ережелері:
1. Тұрақты гигиена
Күнделікті жеке гигиена сіздің үй жануарыңызды тартымды ғана емес, сонымен қатар сау етеді. Құлақ тазалау, жуындыру, тері күтімі, сондай-ақ көз бен тіс гигиенасы жануарда көптеген ауруларға қарсы иммунитетті қалыптастырады.
2. Бөлменің тазалығы
Бактериялардың көбеюіне және ішек ауруларының дамуына жол бермеу үшін үй жануарының мекен ететін жері мен дәрет орнын үнемі тазалап тұру қажет. Сондай-ақ тамақ пен су құралдарының тазалығына назар аудару керек.
3. Вакцинациялаудың қажеттілігі
Мысықтар мен иттер түрлі жұқпалы ауруларға бейім. Бұл олардың денесінің әлсіреуіне әкеледі. Сондықтан күтімнің бұл кезеңі міндетті болып табылады және әрбір жануар иесі вакцинация кестесін ұстануы қажет.
4. Мысықтар мен иттерді дұрыс тамақтандыру
Үй жануарларының қалыпты өсуі мен дамуы үшін күнделікті қоректен басқа қажетті витаминдер, микро- және макроэлементтер беру қажет.
Мысықтар мен иттердің денсаулығы үшін органикалық пайдалы компоненттер AL KARAL PETS тағамдық қоспасының құрамында бар.
AL KARAL PETS негізгі компоненттері гумин және фульво қышқылдары болып табылады. Гумин қышқылдарында вирусқа және бактерияға қарсы қорғаныс қасиеттері бар, сонымен қатар қышқылдар ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады. Фульво қышқылдары жасушаға минералдар мен қоректік заттарды жеткізеді, токсиндерді ағзадан шығарады. Қышқылдардың мұндай кешені ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіреді, мысықтар мен иттердің денесін пайдалы элементтер мен дәрумендермен қанықтырады, иммунитетін арттырады. Нәтижесінде «AL KARAL PETS» әрбір мүшенің жұмысын жақсартады, мысықтар мен иттердің жүн түсуін азайтады, көңіл-күйді жақсартады және сүйікті үй жануарларыңыздың өмір сүру ұзақтығын арттырады.
«AL KARAL PETS» – үй жануарларына денсаулық кепілі, ал иелеріне қуаныш!