Үй жануарларының жүн сапасын қалай жақсартуға болады?
+7 (777) 645 33 77
0
Себет
27 Қаңтар 2023

Үй жануарларының жүн сапасын қалай жақсартуға болады?

Жүн - кез келген үй жануарының денсаулығының әмбебап көрсеткіші. Жүннің сапасы төрт аяқтылар үшін ғана емес, олардың иесі үшін де маңызды. Өйткені, бәрімізде үй жануарларының әдемі көрінуін ғана емес, сонымен қатар сау болғанын қалаймыз.

Соңғы жылдары үй жануарлардың жүндерінің сапасына қатысты иелерінің шағымдары жиілеп кетті. Жануарлардың жүні миллиондаған жеке шаштардан тұрады. Күнделікті тағаммен бірге қабылданатын ақуыздың 25-30%-ы жүннің пайда болуына жұмсалады.

 

Көбінесе мысықтар мен иттердегі басты мәселе - жүннің түсуі және сапасының нашарлауы. Бұл бірнеше себептерге байланысты болады:

1. Қоректік заттардың жетіспеушілігі;

2. Күтімдерінің дұрыс болмауы;

3. Гормоналды өзгерістер.

 

Қоректік заттардың жетіспеушілігі. Үй жануарларының иелері жүн мен терінің күйіне теріс әсер ететін негізгі қателіктерді рацион дайындау кезінде жібереді. Жүн түрінің нашарлауы қоректік заттардың жетіспеушілігінен болады. AL KARAL Pets биологиялық қоспасының құрамында гуминды заттар негізіндегі дәрумендік кешен бар, ол ас қорыту мен ішек микрофлорасының жұмысына әсер етеді, бұл ағзаның жемден қоректік заттарды сіңіру қабілетіне жағымды әсер көрсетеді. AL KARAL Pets үй жануарларының ағзасын пайдалы аминқышқылдары мен дәрумендермен қанықтырады.

Дәрумендер мен минералдардың жетіспеушілігі үй жануарларының түлеуіне теріс әсер етеді. Жүн түлеу кезінде түсуі мүмкін. Дұрыс тамақтандырылмау, дұрыс күтім жасалмауы және температурлық режимнің бұзылуы түлеу кезеңін 6 айға дейін созуы мүмкін. Жануарлардың түлеуі жылына 2 рет өтеді, ерте көктемде және кешкі күзде болады. AL KARAL Pets биологиялық қоспасын қолданған, үй жануарының маусымдық түлеуін тезірек өткізеді.

Дұрыс рацион таңдағаныңыз жөн болады,  өткені бұл үй жануарларының денсаулығына әсер етеді. Қоректік заттардың жетіспеушілігі болса, жүннің қалыптасуы нашарлайды. Үй жануары ақуыздың жеткілікті мөлшерін алуы керек, әйтпесе, ақуыз түріндегі құрылыс материалының болмауына байланысты жүндері жұқа және сынғыш болуы мүмкін. Салауатты жүннің негізі - дұрыс тамақтану және дұрыс күтім.

 

Қате күтім. Көбінесе жүн сапасының нашарлауының негізгі мәселесі күтімнің дұрыс жасалмағаны болып табылады. Мысықтарға назар аударсақ, олар өз гигиенасына жақсы күтім жасайды деп ойлаймыз. Осыған қарамастан, егер жүн үй жануарының асқазанына түссе, ішектің бітелуін туындыруы мүмкін (ішек өтімсіздігі) пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, иттергеде үнемі күтім қажет, күтімсіз оларда түктер пайда болады (жүндері шиеленісіп қалады).

Үй жануарыңыздың жүнін үнемі тараңыз, бұл процедураның көмегі:

► қан айналымын жақсартуға;

► асқазанда шаштың жиналуын барынша азайтуға;

► шиеленістердің пайда болуына жол бермеуге алып келеді.

 

Гормоналды өзгерістер. Жануарларда гормондық өзгерістерге байланысты жүн өте жиі түсе бастайды. Гормоналды препараттарды жиі қолданғанда жұптасу фазалары бұзылуы мүмкін, соның салдарынан жүндері түсе бастайды.

Мысықтардағы гормоналды фондағы өзгерістер жүннің түсуі, терінің тырнауы сияқты физикалық әсерлерді тудырады. Кейбір гормондар жүннің өсуін ынталандырады, ал басқалары оны баяулатады. Қалқанша безінің гормонының тапшылығы (гипотиреоз) әдетте иттердің терісінің нашар өсуіне әкеледі. Гипотиреоздың ықтималдығы иттердің барлық тұқымдарында бірдей және көп жағдайда 6-10 жас аралығындағы кез келген жыныстағы иттерде кездеседі. Гипотиреоз тері мен жүннің қатты нашарлауына әсер етеді.

AL KARAL Pets биологиялық қасиеттердің ең кең спектріне ие болған гуминді заттарға негізделген өнім. Гуминді заттардың құрамында сіздің үй жануарыңыздың гормоналды фонын жақсартатын В12 дәрумені бар.

AL KARAL Pets антибиотиктердің теріс әсерін азайтып гормон тапшылығын болдырмайды, сонымен қатар жүннің сапасын жақсартады.

Жүннің сапасын жақсарту үшін жануардың рационына май қышқылдарын (Омега-3, Омега-6) қосқан жөн болады. AL KARAL Pets осы қышқылдардың сіңуін арттырады, сонымен қатар үй жануарларының рационына дәрумендер кешенін қосады.

AL KARAL Pets биологиялық қоспасын пайдалана отырып, сіздің үй жануарыңыздың жүнінің сапасын жақсартып, түсуін азайтып қана қоймайды, сонымен қатар жүндерін жұмсақ әрі жылтыр қылады.

 

 

 

AL KARAL Pets-пен бірге үй жануарына күтім жасау:

► аминқышқылдарының сіңімділігін арттырады;

► антибиотиктердің теріс әсерін азайтады;

► жануарларыңыздың инфекциялар мен вирустарға қарсы иммунитетін арттырады.

 

AL KARAL PETS – бұл үй жануарларына денсаулық және иелеріне қуаныш!

Купить AL KARAL PETS

 

 

Дереккөздер:

1. Кристин О'Брайен «Үй жануарларының күтуіне арналған 10  жауапты кеңес» 2018 ж.

2. Рогачева Н. «Үй жануарларының түлеуімен күресудің 4 жолы» 2018 ж.

3. Дерматолог-эндокринолог Немцова Л.Б. «Иттердегі гормоналды бұзылулар гипотериоз» 2018 ж.

4. Конышева В. «Сұлулық пен тазалық. Лепота! Үй жануарының жүнін дұрыс күту» 2021 ж.

5. Дудникова С. «Барлығы мысықтар туралы. Ақылды иенің анықтамалығы» 2022 ж.

Біз туралы айтыңыз