AL KARAL туралы
+7 (777) 645 33 77
0
Себет
5 Қараша 2021

AL KARAL туралы

Мал өсірушілердің көбісі тек қана қолжетімді органикалық қоспаларды пайдалану арқылы табынның, әсіресе жас малдың денсаулығы мен басын сақтауға, ет дәмін жақсартуға, оның үстіне 20%-дан астам салмақ арттыруға болмайды деп есептейді. Органикалық ет бірнеше есе қымбат екенін барлығы біледі, және көпшілік мұндай еттің өзіндік құны да қымбатқа шығады деп санайды, бірақ бұл миф. Біз бұл стереотипті жойдық. Біздің тұтынушылар арасында ең жиі қолданылатын сөз – “ғажайып”. Біз алдымен скептицизмді, сенімсіздікті, күдікті байқаймыз, ал жем қоспасын қолданғаннан кейін бізді жылы кездесулер, нәтижеге деген қуаныш пен ризашылық күтеді.


Егер бес жыл бұрын маған: "өмір сені агросекторге апарып, аймақтарға барып, фермаларды аралап, мал шаруашылығы саласындағы ең мықты мамандармен сөйлесіп, ветеринария мен зоотехника туралы кітаптарды оқитын боласын" – десе, әрине, бұған сенбес едім.


Бірақ Жаратқанның бәріміз үшін өз жоспары бар. Маған 2017 жылы ғалымдар келіп, Қазақстанда гуминдік заттар негізінде табиғи жем қоспаларын өндіру идеясын ұсынғанда, бұған күмәнмен қарадым. Біріншіден, көптеген әдебиет оқып, әртүрлі елдерде мұндай препараттар туралы әртүрлі тәжірибелік қорытындылар бар екенін көрдім. Екіншіден, тіпті қаржыгерге де еліміздің мал шаруашылығында инновацияларды енгізу мәселесінде айтарлықтай артта қалып отырғаны және ветеринарияның ахуалы таңсық емес еді. Үшіншіден, маркетингтік талдау көрсеткендей, еліміздегі малдың тек 20%-ы ғана мамандардың қолында, ал қалғаны – ұсақ фермалар мен үй шаруашылықтары. Төртіншіден, біздің тұтынушыға интернет арқылы жете алмайсың, орысша айтатындай «поле»-ға бару қажет.

Барлық күмәнге қарамастан, алдымен препараттың әсерін тексеріп, содан кейін ғана түпкілікті қорытынды жасау керек деген шешім қабылданды. Жыл бойы Алматы қаласының айналасындағы түрлі фермаларға барып, өз қолыммен тәжірибе жинақтадым. Әр сапардан кейін біздің мал шаруашылығының қандай бақылаусыз және қиын жағдайға тап болғанына көз жеткізе бастадым. Ең сорақысы, дастарханымызға түсетін сүт пен еттің сапасын өз көзіммен көрдім. Ақырғы өнім сапасын елемей, малдың салмағын арттыру мақсатында антибиотиктер, гормондар, қытай инелеріндегі түсініксіз инъекциялар еркін салынып жатыр. Біздің препарат болса негізгі қасиеттерімен қатар антиоксидант болып табылады және малдың ағзасынан барлық токсиндерді, ауыр металдардың тұздарын, радионуклидтерді және антибиотик қалдықтарын оңай шығарады.

Командамен бірге өрістерді аралап жүрген кезімізде, біздің инженер-технолог өнімнің сапасы мен технологиясын көкейге қондырып жатты. Ең жақсы рецептке қол жеткізіп, препараттың керемет нәтижелерін көрген кезде ғана өз өндірісімізді салу туралы шешім қабылданды.
  
Сол кезде біздің компаниямыздың миссиясы – ұлт денсаулығы екенін нақты түсіндім. Банк саласындағы тәжірибемде, әрине, агросектордағы жобалармен де жұмыс істедім, бірақ олар негізінен дәнді дақылдар мен түрлі трейдерлер еді. Жасыратыны жоқ, бұл жобалардың барлығы әрқашан тәуекелі жоғары деп белгіленетін. Қазір агросекторды іштен зерттей келе, мен нағыз кәсіпкерлер – ең күрделі, бірақ ең маңызды бағыт болып табылатын мал шаруашылығымен айналысудан қорықпайтын адамдар екенін түсінемін.

Біздің өнім мен оның бірегейлігі туралы аздап айта кетейін.


Біздің қоспамыздың негізі – гуминдік заттар. Бұл флора мен фаунаның мыңдаған жылдар бойғы шөгінділерінің табиғи тотығу процесінде пайда болатын ерекше қасиеттері бар табиғи қосылыстар кешені. Әлем ғалымдары гуминдік заттардың жануарлар мен адамдар ағзасына емдік әсері бар екенін әлдеқашан дәлелдеді. Гуминдік заттар иммунитетті нығайту, зақымдалған тіндерді қалпына келтіру және әртүрлі аурулардың алдын алу үшін қолданылады. Осылайша, табиғаттың өзі бірегей заттардың құнды көзін жасап шығарған.


Біздің жем қоспамыздың шикізаты леонардит болып табылады. Ол ұзақ уақыт желдену нәтижесінде пайда болған табиғи жағдайда тотыққан лигнит. Қара немесе қоңыр түсті жұмсақ жылтыр балауыз минералоиды. Фенол көмірсутектердің табиғи минералдық кешені болып табылады. Кең-байтақ Қазақстан жеріміз жинап, жақсартып, миллиондаған жылдар бойы біз үшін сақтаған гуминдік заттардың жеткілікті мөлшері осы леонардитте бар.

Гуминдік заттар гумин және фульвоқышқылдарынан тұрады.


Гумин қышқылдары антиоксиданттық әсер беріп, қорғаныс қызметін атқарады, вирусқа және бактерияға қарсы белсенділік танытып қана қоймай, гепатопротектор болып табылады. Сондай-ақ, гумин қышқылдары патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді асқазан-ішек жолдарынан шығарады, бұл пайдалы микрофлораның өсуіне әкеліп, ағзаның қоректік заттарды сіңіру қабілетіне оң әсер етеді. Осының арқасында AL KARAL 1 200 граммнан астам орташа тәуліктік салмақ қосу керемет нәтижесін көрсетеді.
 
Егер гумин қышқылдары ағзаға көмек көрсетсе, онда фульвоқышқылдары таңғажайып әрекет етіп, организмге жасушаішілік әсер етеді. Фульвоқышқылдардың екі негізгі артықшылығы бар: біріншісі – олар минералдар мен пайдалы компоненттерді ағзаға оңай сіңетін пішінге аудара алады. Олардың екінші артықшылығы – жасуша мембранасына ену қабілеті, яғни фульвоқышқылдар ағзаға қажетті барлық элементтерді тікелей жасушаға жеткізіп, кері жолда токсиндерді шығарады. Осылайша, мал ағзасы іштен сауықтырылады, иммунитет күшейеді және ағзаның сыртқы қоздырғыштарға, микробтарға, токсиндерге қатысты төзімділігі пайда болады.


Егер әлемдік баламалар құрамында фульвоқышқылдарының ең көп мөлшері 25% болатын жем қоспаларын ұсынса, онда біз фульвоқышқылдарының 65%-ына қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламыз. Шын мәнінде, бұл клиенттеріміздің осындай керемет нәтижелерді көруінің басты себебі. AL KARAL жануарлардың табиғи әлеуетін қалпына келтіріп, оларға жоғары өнімділік көрсетуге мүмкіндік береді.

AL KARAL – 100% отандық өнім, ол ғылымдағы серпіліс және біздің қазақстандық ноу-хау.
 

AL KARAL жем қоспасын сатып алу

Біз туралы айтыңыз