Гуминдік заттар дегеніміз не және олар жануарларға не үшін қажет?
Бүгінгі күні жануарлар ең жақсы экологиялық жағдайда емес. Оларға витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтер жетіспейді. Жануарлар ағзасына үнемі микробтар, вирустар және бактериялар шабуыл жасайды, нәтижесінде олардың иммунитеті әлсірейді.
Гуминдік заттар – жануарлар ағзасын барлық қажетті қоректік заттармен, атап айтқанда дәрумендер мен минералдардың шоғырланған мөлшерімен қамтамасыз етудің табиғи жолы. Бұл жердің терең қабаттарында табиғи түрде сақталатын күрделі молекулалар.
Гумин кешенінің пайда болуы — органикалық заттардың өзгеруінің фотосинтезден кейінгі екінші үлкен үрдісі!
Құрамында минералды тұздар, аминқышқылдары мен микроэлементтердің толық спектрі бар. Сонымен қатар құрамында табиғи полисахаридтер, пептидтер, 20-ға жуық аминқышқылдары, дәрумендер, минералды тұздар, стеролдар, гормондар, май қышқылдары, полифенолдар, кіші топтарды қосқа алғандағы кетондар, соның ішінде флавоноидтар, флавондар, флавиндер, катехиндер, таниндер, хинондар, изофлавондар, токоферолдар және басқа да элементтер кіреді. Барлығы 70-ке жуық пайдалы компонент бар.
Гуминдік заттардың жануарлар ағзасына әсері:
Антиоксиданттық қасиет
Гуминдік кешен ағзадағы химиялық тепе-теңдікті сақтайды. Жағдайға байланысты гуминдік зат донор немесе электронды акцептор ретінде әрекет ете алады. Бұл гуминдік заттарды жасушаларға зиян келтіретін, олардың генетикалық кодын бұзатын және аурулардың дамуына мүмкіндік беретін еркін радикалдарға қарсы күшті табиғи антиоксидантқа айналдырады.
Вирусқа қарсы белсенділік
Гуминдік заттар жоғары антивирустық белсенділікке ие. Гуминдік зат молекуласы вирустардың жасушаға енуі мен көбеюге жол бермейді. Сонымен қатар гуминдік зат иммундық жүйеге басқыншының пайда болуы туралы ескерту сигналын жібереді. Бұл иммундық жүйені уақытша осал жағдайда жүрген вируспен күресуге итермелейді. Нәтижесінде вирустың мөлшері азайып, иммундық жүйе ауруды жеңеді.
Детоксикант және гепатопротектор
Гуминдік заттар – ауыр металдарды (қорғасын, сынап, мыс, кадмий, кобальт, мырыш және басқалары) ағзадан шығаратын қуатты комплексті агент. Жануар ағзасына ауа мен тамақ арқылы еніп, ауыр металдар жануар денесінде жинала береді. Белгілі бір деңгейге жеткенде олар ауыр улану мен жасуша мутациясын тудырады.
Егер ешқандай емдік шаралар қолданылмаса, ауыр металдар ағзадан өздігінен шықпайды. Гуминдік заттар бауыр метаболизміне белсенді араласып, ауыр металдарға арналған сүзгі ретінде әрекет етеді. Олар зиянды заттарды баурап алып, химиялық реакцияға түсуіне жол бермейді.
Антибактериалды белсенділік
Гуминдік заттар патогендік микроорганизмдерге қарсы әсер етеді. Олар бактериялардың метаболизмін едәуір жылдамдатып, ақыр соңында микроб жасушаларының бұзылуына әкеледі. Ішекте гуминдік заттар патогендік микрофлораны бейтараптайды. Бактериялар мен токсиндер табиғи түрде жойылады.
Гуминдік заттар ағзаны инфекциялар мен токсиндерден қорғайтын асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығында жұқа гель қабатын құрайды.
Егер ішек эпителийінің түгі қабынған немесе жойылған болса, гуминдік заттар субэпителиалды тіндерге еніп, олардың қалпына келуіне ықпал етеді.
Органикалық гуминдік заттардың құрамы асқазан-ішек жолындағы тамақ бөлшектерін ыдыратуға көмектеседі.
Гуминдік заттар асқазан-ішек жолдарындағы патогендік бактериялардың өсуін тежейді, ішектің табиғи микрофлорасына оң әсер етіп, ақуыздың қорытылуын және кальцийдің, микроэлементтердің, қоректік заттардың сіңуін жақсартады.
Энтерсорбенттік қасиет
Гуминдік заттарды қолдану арқасында организмнен тек токсиндер мен артық минералдар ғана шығарылады. Яғни, гуминдік заттарды қабылдау кезінде ағзаға қажетті микроэлементтер мөлшері жоғалмайды. Осылайша, эндеросорбент бола отырып, қалыпты дозадағы гуминдік заттар қоректік заттардың ішкі балансына әсер етпейді.
Қабынуға қарсы қасиет
Гуминдік заттардың қабынуға қарсы әсері бар. Олар фибробласттардың көбею процестерін күшейтіп, су, ақуыз және май алмасуын арттырып, жаралардың жаз тездетеді. Тіндердің гиалуронидазасы артып, жараларды емдеуді тездеттіреді. Гуминдік заттардың тамыр қабырғалары мен теріні зақымдайтын протеолитикалық ферменттерді баяулататын әсері анықталды.
Стресске қарсы қасиет
Гуминдік заттар бүйрек үсті бездері (адреналин, норадреналин) шығаратын стресс гормондарының әсерін реттейді. Адреналин мен норадреналиннің жоғарылауы мазасыздықтың белгісі. Артық гормондар гуминдік заттармен бұғатталып, жасушалардағы рецепторларға жете алмай қалады. Сонымен қатар, гуминдік заттар қызыл қан жасушаларын оттегімен қанығуына әсер ету қабілеті арқылы жануарлардың жалпы әл-ауқатын жақсартады.
Гуминді заттар иммундық жүйені нығайту, зақымдалған ұлпаларды қалпына келтіру және әртүрлі ауруларды алдын алу үшін қолданылады. Осылайша табиғаттың өзі бірегей заттардың құнды көзін жасады.
AL KARAL жем қоспасын сатып алу