Бордақылау кезеңіне қалай дайындалу керек?
+7 (777) 645 33 77
0
Себет
18 Қараша 2022

Бордақылау кезеңіне қалай дайындалу керек?

Малды бордақылау оңай шаруа емес. Қажетті мөлшерде сапалы ет алу үшін шаруашылық иелері малдың теңгерімді тамақтануына жіті назар аударуы керек. Сиырларды азықтандыруды дұрыс ұйымдастыру тұтас ғылым болып табылады. Өйткені мал азығына түсетін әрбір өнім өзінің ерекше қызметін атқарады. Ендеше малды бордақылауды бастамас бұрын оны ұстауға қолайлы болу үшін қандай жағдай жасау керектігіне тоқталып өтсек. 


Бастысы, желдетілген бөлме, тазалық және температураның қалыпты күйде болуы.

► Бөлме нашар желдетілсе және ылғалдылық деңгейі жоғары болса, аммиакпен улану пайда болады, ол зәр мен көңнен бөлінеді. Бұл иммунитет пен жануарлар тәбетінің төмендеуіне және қабыну процестеріне әкеледі. Сондықтан желдетілетін бөлмені және ылғалдылық деңгейін 40-тан 75% -ға дейін қамтамасыз ету қажет. 

► Қыста жас малдарды бордақылау алаңдарында 10°С төмен емес аумақта температуралық режимді қатаң сақтау ұсынылады. 

Тыныс алу (өкпе) ауруларының пайда болу қаупін болдырмау үшін қораларда төсеніш жабдықтары болуы керек. Төсемені сабаннан жасауға болады және мүмкіндігінше жиі ауыстырып отыру маңызды. 

Малды жасына, жынысына қарай қораларға бөлу қажет. Жасын ересек табыннан, ал құнажындарды бұқалардан бөліп алу керек. 

► Көбінесе жайылымдағы мал әлсіреген күйде қайтып келеді, әртүрлі аурулармен ауырады, сондықтан профилактикалық дегельминтизацияны жүргізу, эндо және экзо паразиттерге қарсы вакцинациялау, мүмкіндігінше дененің ерекше ластанған жерлерін жылы сумен жуу қажет. 


Мал айдау және тасымалдау жануар үшін күйзеліс болып табылады. Ал күйзеліске ұшыраған кезде жануарлар стресс гормоны кортизолды шығарады. Дәл осы кортизолды реттеу үшін AL KARAL жем қоспасы көп көмектеседі. AL KARAL құрамындағы компоненттер артық гормондарды бұғаттайды, олардың жасушалардағы рецепторларға жетуіне жол бермейді. Нәтижесінде күйзеліске төзімділікті арттырады және жануарлардың жалпы әл-ауқатын жақсартады. 

Тапсырыс беру


Малды жайылымнан көшіргеннен кейін бірінші рет малды шөппен азықтандыру қажет, өйткені шырынды жемнен құрғақ жемге көшу малға қиындық туындатып, оның салмақ жоғалтуына әкеледі.  Одан әрі сұлы-арпа қоспасын мал жаңа рационға толық бейімделгенше мал басына 0,5-0,7 кг мөлшерінде (ал ұсақ малға 0,5-1 кг кебек түрінде)  біртіндеп қосады.

Сондай-ақ, мал бордақылауда басты назарға алатын нәрсе малды бордақылаудың дұрыс рационын құру. Өйткені бордақылау құнының жартысына жуығы жемге кететін шығын. Диета жас ерекшеліктеріне байланысты болуы керек. Күнделікті таңертең және кешкі уақытта тамақтандыру ұсынылады.

Сонымен қатар, азық мөлшерін көбейту салмақтың өсуіне кепілдік бермейді. Әсіресе, азықтың тағамдық құндылығы мен сіңімділігі төмен болған жағдайда. Сондықтан рационға әртүрлі жем қоспаларды, минералды заттар мен витаминдерді қосу ұсынылады.


Мысалы, AL KARAL жем қоспасының құрамында малдарыңыздың өнімділігін арттыруға және жемнің 100% сіңімділігін қамтамасыз етуге қажетті барлық элементтер бар.

Тапсырыс беру


Патогенді микроорганизмдер ағзада көбейген кезде улы токсиндер бөлу арқылы малдың тәбетін төмендетеді. AL KARAL жем қоспасы құрамындағы гуминды заттардың негізінде бактерияларға және вирустарға қарсы тұру қабілетін арттырады. Нәтиженсінде мал ағзасындағы патогенді микроорганизмдер әлсіреп, азық толығымен қорытылады және іштің өтуі тоқтатылады.


Деректер: 

[1] Сіздің шаруашылығыңыз "Малды бордақылау", 2020г. 

[2] Ажмулдинов Е.А., “Рационның сапасы мен құрамына байланысты бұқаларды бордақылаудың тиімділігі”, 2014г.  

[3] Фермер біледі. "Малға жем дайындау", 2019г. 

[4]  В.Г. Рядчиков, “Ауыл шаруашылығы жануарларын азықтандыру және бордақылау негіздері”, 2012г.   

Тапсырыс беру

Біз туралы айтыңыз