Бұзаулардың іш өтуі
Диарея – бұзауларда жиі кездесетін ас қорыту жұмысының бұзылысының белгілерінің бірі болып табылады. Су-электролит балансының бұзылуының әсерінен бұзауларда диарея сусыздануға, организмнің әлсіреуіне, интоксикацияға әкеледі, ал дұрыс емделмеген жағдайда өлімге әкелуі мүмкін. Көптеген зерттеулерге сәйкес, жас жануарлардың өлімінің шамамен 60% диареядан туындаған.
Бұзаулардың іш өтуінің себептері
Нәжістің бұзылуы көптеген себептерге байланысты болуы мүмкін, мысалы:
- дұрыс азықтанбау – сапасыз жем және сүт алмастырғыштарды тұтыну;
- бұзаулардың қалыптаспаған иммунитеті;
- вирустар - ротавирус, коронавирус;
- бактериялық инфекциялар – сальмонелла, энтеротоксигенді ішек таяқшасы, клостридия;
- жануарларды дұрыс ұстамау – антисанитариялық жағдай, нашар желдету жүйесі;
- стресске ұшырау – бұзауларды тасымалдау, сиырдан айыру кезеңі;
- рационның кенеттен өзгеруі.
Бұзаулардағы диареяның алдын алу жолдары
Жас жануарлардың иммунитетін күшейту шаралары қабылданып, күту мен санитарлық-гигиеналық нормалары сақталса, диареяны болдырмауға болады.
1
Иммунитетті күшейту шаралары бұзаулар туылғанға дейін де жүргізілуі керек, өйткені сау сиыр сау бұзау туады. Буаздық кезінде сиырдың ағзасы маңызды витаминдер мен минералдармен қаныққан болуы керек. Бұған 70-тен астам пайдалы компоненттерді қамтитын AL KARAL жем қоспасының көмегімен қол жеткізуге болады. Буаз сиырларға күніне 1 кг тірі салмаққа 0,15 мл дозада беру керек. Яғни, әрбір 100 кг салмаққа – 15 мл АL KARAL қажет.
2
Қоздырғыштардың әсері бұзау жерге түскен сәттен басталады. Егер төлдейтін қора таза және құрғақ болмаса, ауру қоздырғыштардың жұғуы ықтимал. Сондықтан сиырлардың таза ортада төлдеуін қадағалау керек. Азықтандыруға арналған жабдықтар да дезинфекциялау керек.
3
Туылғаннан кейін уыз сүтімен қоректендіру де бұзаулардың иммундық жүйесін қалыптастырудың маңызды факторларының бірі болып табылады, өкінішке орай, көптеген фермерлер оны елемейді. Ананың уыз сүтінде қоректік заттар мен иммуноглобулиндердің жоғары деңгейі бар. Олар асқазан-ішек жолдарының жаңа рационға бейімделуі және жас жануарлардың дамуы үшін қажет. Бұзауларды туғаннан кейін бірден 3 литр немесе одан да көп мөлшерде уыз сүтімен қоректендіру керек, өйткені уақыт өте келе иммуноглобулиндердің сіңуі айтарлықтай төмендейді.
4
Иммундық жүйені одан әрі нығайту үшін қоректік заттардың бай құрамы бар жем қоспаларды пайдалану қажет. Мысалы, гуминдік және фульвоқышқылдар ағзаны барлық маңызды қоректік заттардың, дәрумендердің, микроэлементтердің шоғырланған дозасымен қамтамасыз етеді. Гуминдік қышқылдарының бактерияға қарсы қасиеті де бар, соның арқасында асқазан-ішек жолындағы қоздырғыштарды жояды. Ал фульвоқышқылдары ағзадан токсиндер мен ауыр металдарды шығарады. Бұл қасиеттері асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, ішек микрофлорасын қолдайды.
Жоғарыда аталған қасиеттердің арқасында гумин және фульвоқышқылдарынан негізделген AL KARAL жем қоспасы бұзаулардың иммунитетін күшейтеді.
Бұзаулардың рационына келесі дозалармен қосу ұсынылады:
1 айға дейін - 1 кг тірі салмаққа 0,15 мл, яғни әрбір 100 кг салмаққа - 15 мл АL KARAL. 1 айдан кейін - 1 кг тірі салмаққа 0,30 мл, яғни әрбір 100 кг салмаққа - 30 мл АL KARAL.
5
Азықтандыру уақыты мен температурасы да маңызды рөл атқарады. Мал өсірушілерге азықтандыру кестесін сақтау және қоспаны бұзаулардың дене температурасынан (38,5-40 ° C) төмен емес қылып қамтамасыз ету ұсынылады.
6
Бұзаулардың тіршілік ету ортасы денсаулықтың маңызды факторы болып табылады. Бұзауларды желдетілетін және жылы бөлмемен, сондай-ақ төсеніш астын жақсы дренажбен қамтамасыз ету қажет. Бұның бәрі бұзаулардың дамуы үшін дұрыс микроклиматты қамтамасыз етеді және зиянды бактериялардың көбеюіне жол бермейді.
AL KARAL жем қоспасының арқасында жас малдарды ұстау стандарттарын сақтау және иммунитетін нығайту сізге сау мал басын сақтауға және өсіруге көмектеседі.
Деректер:
[1] PubMed Central, «Бұзау диареясына шолу - инфекциялық этиология, диагностика және емдеу», 2014 ж.
[2] University of Minnesita Extension, «Сүтті бұзаулардағы диареяның себептері және алдын алу жолдары», 2019 ж.
[3] Фермер біледі, «Жас қара малдағы диареяның себептері мен емі», 2015 ж.
[4] Арман мезгілі, «Бұзаудың іш өтуінің себептері және үй жағдайында қалай тез және тиімді емдеуге болады».